Методическая работа
Колледждің әдістемелік проблемасы: «Заман талабына сай білім беру үрдісіндегі инновациялық технологияларды қолдана отырып, сапалы білікті маман даярлау»
Әдістемелік жұмыстың мақсаты – кәсіби — білікті және бәсекелестікке қабілетті мамандарды заманауи педагогикалық және ақпараттық технологияларды біріктіру арқылы дайындау.
Әдістемелік жұмыс міндеттері:
♦ Колледжде БМЖС талаптарына сәйкес жасалатын білім беру бағдарламаларын әдістемелік қамтамасыз ету;
♦ ҚР Білім және ғылым Министрлігінің нормативтік, бағдарламалық-әдістемелік құжаттарын зерделеу;
♦ Оқытушылардың жаңа жұмыс жағдайындағы шығармашылық мүмкіндіктерін ашу, Маман даярлаудағы озық тәжірибелерді зерттеу, жинақтау және тарату;
♦ Педагогикалық кадрлардың үздіксіз біліктілігін арттыру жұмысын әдістемелік қамтамасыз ету, білім мазмұнын жаңарту аясындағы жаңа бағдарламаны меңгеру курстарынан өту;
♦ Оқу үдерісіне жаңа және қолданыстағы заманауи ақпараттық және педагогикалық технологияларды, бақылау — бағалау құралдарын, үздік оқытушылардың тәжірибелерін зерделеу, қорытындылау және енгізу;
♦ Оқу, ғылыми-әдістемелік және модульді құзіреттілікке негізделген бағдарлама жасақтауға оқу материалдарын дайындау;
♦ Баспасөз беттеріне, әдістемелік сайттарға оқытушылардың мақалаларын жариялауға бағыт- бағдар беру, оқу – әдістемелікжұмыстарын насихаттауды арттыру;
♦ Білім беру процесінің, оқытушылардың кәсіби құзыретінің деңгейі мен әдістемелік дайындықтың мониторинг және диагностика жүйелерін жетілдіру.
Әдістемелік жұмыстың мазмұны мен формалары
Басқарушылық қызмет: (жоспарлау, жобалау, мониторинг, конкурстар ұйымдастыру)
- Кәсіби даму: (семинарларды, курстарды, шебер-сыныптарды, әдістемелік кеңестерді, педагогикалық оқуларды ұйымдастыру)
- Инновациялық жұмыс: (әзірлеме, сараптама, технологиялар, әдістеме)
- Педагогтардың жұмыс нәтижелерімен таныстыруы: (барлық деңгейдегі конференцияларға қатысу, басылымдар, тәжірибе алмасу)
Әдістемелік жұмыс қойылған мақсаттар мен міндеттеріне сәйкес қызметтің келесі бағыттары бойынша жүзеге асырылады:
- Колледждің әдістемелік қызметіне қатысу, облыстық, аймақтық және республикалық біліктілігін арттыру институттарында өз білімін жетілдіру арқылы оқытушылардың біліктілігін арттыру.
- Оқу — әдістемелік кеңес
- Әдістемелік семинарлар
- Жас педагог мектебі жұмысы.
- Педагогикалық қызметкерлерін аттестаттау.
- Оқытушылардың кәсіби құзыреттерін қалыптастыратын инновациялық жұмыс тәжірибесін зерттеу, жинақтау және тарату.
- Педагогикалық шеберлік байқаулары.
- Пәндік олимпиадалар.
- Ғылыми – тәжірибелік конференциялар (оқытушылар мен білім алушылармен ынтымақтаса)
- Пәндік циклдік комиссия жұмысы.
Әдістемелік жұмыстың ұйымдастырылуын жетілдіру, педагогикалық ұжымның іскерлік біліктілігін арттыру, оқу-тәрбие үрдісіне инновациялық технологияларды енгізу мақсатында колледжде 5 циклдік әдістемелік комиссия жоспарға сәйкес жұмыс атқарады:
- Әлеуметтік-экономикалық және гуманитарлық пәндер циклі
- Жалпы кәсіптік пәндер циклі
- №1 арнайы пәндер циклі
- №2 арнайы пәндер циклі
- №3 арнайы пәндер циклі

«ЗАМАНАУИ ПЕДАГОГТЫҢ КӨЗҚАРАСЫ» АТТЫ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ
ОҚУ
Педагогикалық оқулар – бұл педагогтың өзін-өзі кәсіби іске асыруына, педагогикалық жаңаша ойлауына, рухани баюына, идеялас әріптестер табуына, әдістемелік қоржынын толықтырып өзін толғандыратын мәселені әр қырынан көруіне, бір сөзбен айтқанда шығармашылық тұрғыда өсуіне мүмкіндік береді.
Мақсаты:
— педагогикалық бастамаларды қолдау, инновациялық тәжірибені тарату, педагогикалық тәжірибені жалпылау негізінде заманауи талаптарға жауап беретін адамның білім деңгейі мен білімділігіне қол жеткізу шарттары мен технологияларын айқындау болып табылады.
Негізгі міндеттері:
— қазіргі заманғы жалпы білім беруді дамытудың мақсатты бағдарларын іске асыру мәселелерінде озық педагогикалық және басқару тәжірибесін жалпылау және тарату;
— білім беру қызметін ұйымдастырудың заманауи технологиялары мен әдістемелік идеяларын іздеу
— педагогтардың ғылыми-әдістемелік деңгейін көтеру және жетілдіруге жәрдемдесу;
— білім беру мекемелері арасында табысты педагогикалық қызмет тәжірибесімен алмасу үшін жағдай жасау.
«ДИАНА» Жоғары медицина колледжі мекемесі
«Бекітемін»
«Диана» медицина
колледжінің директоры
________ Ахметова Б.Б.
«___»________2021ж.
ПЕДАГОГИКАЛЛЫҚ ОҚУДЫҢ КЕСТЕСІ
Басталуы: 26.01.2022 ж сағат 9:30
Өтетін орны: акт залы
№ | Күн тәртібі | Мерзімі | Жауапты |
1 | Педагогикалық оқудың ашылуы. Педагогикалық оқудың жұмыс жоспарымен таныстыру | 930-940 | Даниял Г.С. |
2 | «Клиникалық пәндерде білім алушышылардың коммуникативтік дағдыларын дамыту» | 940-955 | Акшалова Ж.Ж |
3 | Қазақстан тарихы пәнінде жаңа технологияларды қолдану әдістері | 955-1010 | Макенов А.С |
4 | Тиімді әдіс-тәсілдер — сапалы сабақ кепілі | 1010-1025 | Даниял Г.С. |
5 | «Бәсекеге қабілетті мамандарды даярлаудың сапасын арттырда әлеуметтік серіктестіктің рөлі » | 1025-1040 | А Азизова Р.М. |
6 | Использование инновационных технологий, методов и приемов на уроках истории | 1040-1055 | Емец.П.В |
Кофе-брейк 1055-1115 | |||
7 | Білім берудегі жаңа педагогикалық технологияны тиімді пайдалану- өмір талабы | 1115-1130 | Самылтырова А.С |
8 | Оқытудың заманауи жүйесі:инновациялық технологиялар | 1130-1145 |
|
9 | Сабақтағы кері байланыстың тиімді тұстары | 1145-1200 | Нури Н.А |
10 | Информатика пәнін оқытуда жаңа педагогикалық, ақпараттық коммуникативтік технологиялардың мүмкіндіктерін қолдану | 1200-1215 | Мухамади М |
11 | «Жаңартылған бағдарламадағы балдық жүйенің тиімділігі» | 1215-1230 | Койбагарова Д.С |
12 | «Білім мен тәрбие егіз ұғым» | 1230-1245 | Касенова Б.О. |
13 | Педагогикалық оқудың қортындысын шығару. | 1245-1300 | Ахметова Б.Б. Даурова К.К. |
«Қазіргі таңдағы инновациялық технологиялар, әдістер және идеялар» атты педагогикалық оқулар 2022-2023 оқу жылы
Педагогикалық оқуларының мақсаты — білім беру саласы қызметкерлерінің педагогикалық шеберлігін арттыру, үздік инновациялық педагогикалық тәжірибелерді қорыту және тарату. Осы мақсат келесі міндеттерді шешуге жол ашады:
- педагогикалық қызметкерлердің өз шығармашылық мүмкіндіктерін жүзеге асыру үшін, республика педагогикалық қауымдастығының мәдени-кәсіби құндылықтарын бекіту және дамыту үшін жағдай жасау;
- педагогикалық бастамаларды қолдау, позитивті білім беру практикаларын анықтау және тарату;
- инновациялық қызмет идеялары мен тәжірибені жинақтау бойынша педагогикалық қауымдастықтың қызметін біріктіру;
кәсіби қарым-қатынас аясын кеңейту;
- өз жұмыс тәжірибесін жинақтау арқылы педагогикалық қызметкерлердің рефлексивті икемдерін дамыту.
«ДИАНА» Жоғары медицина колледжі мекемесі
«Бекітемін»
«Диана» медицина
колледжінің директоры
________ Ахметова Б.Б.
«___»________2022ж.
ПЕДАГОГИКАЛЛЫҚ ОҚУДЫҢ КЕСТЕСІ
Басталуы: 27.01.2023 ж сағат 9:30
Өтетін орны: акт залы
№ | Күн тәртібі | Мерзімі | Жауапты |
1 | Блум таксономиясы-оқу жетістігін бағалау әдістемесі ретінде»
| 930-940 | Абдувалиева Балнур Турсунқызы |
2 | Оқытуда білім алушыларды қызықтыратын Learnis платформасын тарих пәнінде қолдану | 940-955 | Макенов Абзал Макенов Абзал СайранұлыСайранұлыұлы |
3 | «Арнайы пәндерді оқытуда ескеру керек әдістер» | 955-1010 | Қасенова Арайлым Құрмашқызы |
4 | «Химия пәнін оқытуда инновациялық технологияларды пайдалану» | 1010-1025 | Хайрбекова Асель Турганбековна |
5 | Ағылшын тілі сабақтарында жаңа әдіс-тәсілдер арқылы білім алушылардың қызығушылығын арттырудың жолдары
| 1025-1040 | Көшербаева Жадыра Ержеңісқызы |
6 | Биология сабақтарында жаңашыл әдіс тәсілдерді пайдалану | 1040-1055 | Даниял Гүлнәр Сайранханқызы |
7 | «Интерактивті оқытудың заманауи әдістері» | 1055-1105 | Асқар Самал Асқарқызы |
8 | «Ағылшын тілін деңгейлеп оқыту» | 1105-1120 | Сеитова Куралай Газизовна |
9 | Педагогикалық оқудың қортындысын шығару. | 1125-1140 | Ахметова Б.Б. Даурова К.К. |
Кофе-брейк 1140-1200 | |||

Студенттің ғылыми-зерттеу жұмысының басты мақсаты:
— жоғары білімді мамандар даярлау сапасын нарықтық экономика талаптары сұранысына сәйкестендіре арттыру;
— таным мен зерттеудің ғылыми тәсілдерін қалыптасыра отырып, шығармашылық-кәсіби ойлау дағдысын қалыптастыру;
— бірыңғай білім (оқу және тәрбие), ғылым және тәжірибелік үдерістерді қамтамасыз ету;
— әр студентке шығармашылық тұлғасын қалыптастыруға, ғылыми зерттеу және ғылыми шығармашылық бағыттағы конкурстарға әрқайсысына сұранысқа сай және мақсатты ұстанымдары мен мүмкіндіктеріне орай толыққанды қатысуды қалыптастыру, құқықтық, экономикалық, ұйымдастырушылық т.т. бағытта өсуіне жағдай жасау және оны дамыту,
Міндеттері:
— өз саласы бойынша пікірлер мен ой-пайым (1-ші мамандыққа сәйкес) қалыптастыру, дағдылар мен тәсілдерге баулу, (бірыңғай білім және ғылыми үдерістер аясында) ойлау жүйесін меңгерту;
— студенттерге ғылыми таным жүйесін меңгерту;
— студенттерді ғылыми зерттеу тәсілдерімен, тәжірибе жүргізу және шешім қабылдау теориясы методикасымен таныстыру;
— ғылыми және тәжірибелік тапсырмалар бойынша өз бетінше шешім қабылдау дағдыларын қалыптастыру;
— ғылыми ұжымда жұмыс істеу мен ондағы жұмысты ұйымдастыру тәсілдерімен танысу дағдыларын қалыптастыру;
— студентті шығармашылыққа қажеттілікке, өз бетімен білім алуға, өз білімін ұдайы жетілдіруге, ғылыми материалды тереңдей және шығармашылық тұрғыдан меңгеруге үйрету;
— отандық және шетелдік әдебиеттермен ұдайы жұмыс істеу қазжеттілігі мен дағдысын, патенттік қорлармен жұмыс істеу білуді қалыптастыру;
— қазіргі заманғы ақпараттық технология мен ақпараттық қарым-қатынас (Internet, электронды пошта, т.т) тәсілдерін меңгерту;
— қоғамның экономикалық, әлеуметтік немесе рухани өрлеуіне негіз болатын ғылыми бағыттар өзектілігін бағалауды қалыптастыру.
25 наурызда «Қазіргі заманғы медицина:жаңа тәсілдер және қазіргі зерттеулер» атты колледж ішілік ғылыми- тәжірбиелік конференциясы өтті. Конференцияға үйірме мүшелері зерттеген тақырыптары бойынша өз жұмыстарын ұсынды. Білім алушылар өздерінің ізденіс жұмыстарын қорғап, ары қарай жалғастыратындарын айтып өтті.

СТУДЕНТТЕРДІҢ ҒЫЛЫМИ- ТӘЖІРБИЕЛІК ЖҰМЫСТАРЫ
«Ғылым және медицина: жастардың заманауи көзқарасы»

Ғылыми-зерттеу жұмыстары – қол жеткен білімдерді кеңейту және жаңа білімдер алу, ғылыми топшылауларды тексеру, табиғат пен қоғамда көрініс табатын заңдылықтарды анықтау, жобаларды ғылыми тұрғыда жинақтап қорытындылау, ғылымды негіздеу мақсатындағы зерттеулер, тәжірибелер жүргізумен, ғылыми ізденістермен байланысты ғылым сипаттағы жұмыстар, талдамалар.
Ғылыми зерттеудің негізгі мақсаты — белгілі объектінің ішкі құрылымын, қасиеттерін және байланысын ғылыми тәжірибеде қолданылатын принциптер мен заңдар негізінде талдау, зерттеу және осының арқасында Ғылыми зерттеу методологиясы негізделеді. Методология дегеніміз — ғылыми зерттеу барысында қолданылатын әдістердің жиынтығын айтамыз.
Пәндік апталардың ұйымдастырылуы
2022-2023оқу жылының басында Әдістемелік жұмыс жоспарына сәйкес апталық жоспары құрылып, сол бойынша түрлі іс-шаралар ұйымдастырылды. Апталық жоспары әдістемелік цикілдік бірлестікте талқыланып колледж директорымен бекітілді. ЦӘК бойынша пән оқытушылары жоспар бойынша ашық сабақтар мен сыныптан тыс сабақтар өткізеді.
Апталық мақсаты: Сабақтарында және сабақтан тыс іс-шараларда оқытудың заманауи тәсілдерін қолдана отырып білім алушылардың білім алуға қызығушылығын арттыру, ой-өрісі мен таным белсенділіктерін жан-жақты жетілдіру.
Ашық сабақ: Экология және тұрақты даму
Сабақтың тақырыбы: Экологиялық факторлар
Күні: 30.04.2020
31 топ «Мейіргер ісі» мамандығы
Оқытушы: Даниял Г.С.


Темы: Сердечно-легочная реанимация
ФИО преподавателя :Искандарова Р.А.
Группа:34
Дата 15.05.2020


Оқытушының аты-жөні: Қызайбайұлы Қайран
Топ: 32
Сабақтың тақырыбы: Тамақтану гигиенасы.Асқорыту мүшелерінің жұқпалы аурулары және оларды алдын алу.Тағамнан уланудың алдын алу.



Оқытушының аты- жөні : Мейірбике ісінің оқытушысы Абдувалиева Б.Т.
Сабақтың тақырыбы: Денсаулық сақтау объектілеріне қойылатын санитарлық эпидемиологиялық талаптар. Медициналық ұйымдарында қалдықтарды жинау, уақытша сақтау, тасымалдау және жоюға арналған санитарлық-эпидемиологиялық талаптар
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2017 жылғы 31 мамырдағы № 357 бұйрығы.
Топ : 202



26.02.2022
Оқытушы: Сакиева Н.М.
Сабақтың тақырыбы: Ас қорыту жүйесі патологиясы



10.12.2021 ж Қ Р Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай тарих пәнінің оқытушысы Макен А.С. «Өткенге тағзым» атты дөңгелек үстел өткізді.

13.12.2021 «Тәуелсіздік – тұғырым» атты тақырыпта ашық – тәрбие сағатын өткізді. Оқытушы: Буланбекова А.Ы.


13.05.2022 жылы «Мейіргер ісі» пәнінің оқытушысы Искандарова Р.А. «Ойылу дегеніміз, алдын-алу шаралары және емі» тақырыбында ашық сабақ 204-топ білімалушылар арасында өткізді. Сабақ топтық жұмыспен сайыс түрінде ұйымдастырылды. Сабақ тақырыбын бейне материал көрсету арқылы ақпаратпен толықтырып өтті. Білімгерлердің жалпы белсенділігі жоғары және мұғалімнің бағытымен білімгерлер өзара тіл табыса білді. Сонымен қатар, білімгерлер топтық жұмыста бақылау сұрақтарына және тесттік сұрақтарға жауап беріп отырды. Білімгерлер жоғары белсенділікпен орындай білді. Сабақ білімгерлерге баға қою арқылы бағаланып қорытылды.Жас мамандар қатысып тәжірибе алмасты.

14.05.2022 жылы «Мейіргер ісі» пәнінің оқытушысы пәнінің оқытушысы Қасенова А.Қ.«Зертханалық зерттеу әдістері» тақырыбында ашық сабақ өткізді. Сабақта топтық жұмыс ұйымдастырылып, жекелеген тапсырмалармен жалғасып жатты. Сабақ жаңартылған білім мазмұны бойынша, жаңа әдіс- тәсілдердің барлығы тиімді қолданылды. Жаңа тақырыпты игеру мақсатында оқушыларға презентациялар ұсынылды.Білім алушылар жағдаятты талдау яғни ситуациялық тапсырмалар берілді.

17.05.2022 жылы «Мамандығым мақтанышым» атты сайыс 2курс білім алушыларының арасын өткізілді.


7 қыркүйек күні қазақ тілі және әдебиет пәні оқытушысы Жақыпжанова А.Ш. 11 топ білім алушыларымен «Тіл ұлттың жаны» атты конференция өткізді.


25.02.2022 ж «Анатомия » пәнінің оқытушысы Молдахан Аяна Маратқызы «Анатомия ақылдылары» атты тақырыбында олимпияда өткізді. Сабақты өткізу барысында, логикалық тапсырмалар мен барлық сұрақтар бойынша қызықты ақпараттар қамтылды.


15-шы наурыз күні Цәк төрайымы Ақшалова Ж.Ж. 41 топ білім алушыларымен « Гломерулонефрит пиелонефрит» такырыбынжа ашык сабак өткізді. Жалпы сабақ құрылымына қарай жаңашылдыққа дәлірек айтсам, жаңартылған білім мазмұны бойынша жоспарланған.
Топта топтық пен жұптықта жекелеген жұмыс түрлері жасалды. Сабақта білімгерлер жан-жақтылықпен және оқытушыға деген жауапкершілікті көрсете отырып ат салысты. Жалпы барлық топ білімгерлері толық белсенділік танытып, топта ұйымшылдықпен жұмыс істеуге әрекет жасалды. Алғашқы көмек көрсетуде алгоритм бойынша жүзеге асырылды.


17.03.2022 Оспанова С.С. 43 топ білім алушыларымен « Қант диабеті және асқынулары» атты ашық сабақ өткізді. Сабақ жұптық, топтық жұмыспен сайыс түрінде ұйымдастырылды. Сабақ тақырыбын бейне материал көрсету арқылы ақпаратпен толықтырып өтті. Білімгерлердің жалпы белсенділігі жоғары және мұғалімнің бағытымен білімгерлер өзара тіл табыса білді. Сабақ ортасында жаңа тақырыпты ашу мақсатында жарақат кезінде шұғыл көмек көрсетудің алгоритмі бойынша көрініс көрсетіліп отырды. Сонымен қатар, білімгерлер топтық жұмыста бақылау сұрақтарына және тесттік сұрақтарға жауап беріп отырды. Білімгерлер жоғары белсенділікпен орындай білді. Сабақ білімгерлерге баға қою арқылы бағаланып қорытылды.


18.03.2022 ж Хайбуллина Раиса Идаятовна «Медицинская реабилиатация при заболеваниях органов дыхания» атты жаңа материалды игеру мақсатында 402 топ «Емдеу ісі» білімгерлерімен ашық сабақ өткізді.



19 наурызда апталықтың жабылуын «Ішкі аурулар пәні оқытушысы Ақшалова Жазира Жақыпбайқызы «Терапиядағы шұғыл көмек » атты бітіруші топ 42-43 білім алушылары арасында олимпиада өткізілді.


8.09.2022 күні ағылшын тілінің пән оқытушысы Сейтова Қ.Ғ. 201 топ білім алушылар арасында «Қазіргі таңдағы ағылшын тілінің мәртебесі» атты тақырыптағы баяндама талқылады.Баяндамашы Абдіғали Гүлзат қазіргі таңдағы ағылшын тілі жөнінде кең мағлұмат беріп өтті. Сабақта қолданылған тапсырмалар: оқулықпен жұмыс, өлеңдерді талдау болды. Сабақ соңында білім алушылар сабақ барысын талқылап, кері байланыс ретінде ұсыныстарымен бөлісті. Сабақ өз мақсатына жетіп, жақсы бағаланды.


16.09.2022 күні қазақ тілі және әдебиет пәні оқытушысы Жақыпжанова А.Ш. 12,13 топ білім алушыларымен «Ұлтқа- ұстаз , ұрпаққа – ұран өр тұлға » Ахмет Байтұрсынұлының 150 жылдығына арналған танымдық кешті өткізді.

«Healthy lifestyle» атты біз салауатты өмір салтын қалыптастырамыз тақырыбында 203 топ студенттерімен ағылшын тілі пәнінің оқытушысы Сейтова Қ.Ғ ашық- тәрбие сағатын өткізді

Жоспарға сай 15 наурыз күні «Денсаулықты нығайту және гигиена» пәнінің оқытушысы Асанова Макпал Мұратқызы 2 курс білім алушылары 202 және 23 топ білім алушылары арасында «Салауатты өмір салтын сақтап жүрміз бе?» тақырыбындағы пікір-сайыс өткізді.


16 наурыз күні күні «Жалпы гигиена негіздерімен денсаулық нығайту» пәнінің оқытушысы Хайрбекова Асел Тұрғанбекқызы «Созылмалы инфекциялық емес аурулардың алдын алу» 203 топ 2-курс білімалушыларымен акция өткізді.


16 наурыз күні «Фармакогнозия » пән оқытушысы Илахунова Малинур 308 топ білімалушыларымен «Растительный лекарственные препараты и их действие на организма человека » атты тақырыбында ашық сабақ өткізді. Сабақ топтық жұмыспен сайыс түрінде ұйымдастырылды. Сабақ тақырыбын бейне материал көрсету арқылы ақпаратпен толықтырып өтті. Білімгерлердің жалпы белсенділігі жоғары және мұғалімнің бағытымен білімгерлер өзара тіл табыса білді.

28.03.2023 жылы күні «Ішкі аурулар » пәнінің оқытушысы Тазабекова П.С 33 топ білім алушыларымен «Тыныс алу жолдарының ауруы. Пневмония оның түрлері» тақырыбында ашық сабақ өткізді. Сабақтың құрылымы оқытушының жоспарына сай өткізілді. Сабақта топтық жұмыс ұйымдастырылып, жекелеген тапсырмалармен жалғасып жатты. Сабақ жаңартылған білім мазмұны бойынша, жаңа әдіс- тәсілдердің барлығы тиімді қолданылды. Жаңа тақырыпты игеру мақсатында оқушыларға презентациялар ұсынылды.


Терапия пәнінің оқытушысы Хайбуллина Р.И 30.03.2023 «Сердечно- легочная реанимация» тақырыбында 206 топ білім алушылары мен ашық сабақ өткізілді. Сабақты бастамас бұрын білім алушылар бір біріне амандасып сәттілік тіледі. Сабақта алдынғы өтілген сабақтан сұрақтар қойылып , анатомия пәнімен байланысып жүректің құрылысын атап өтті. Сабақ тақырыбын бейне материал көрсету арқылы ақпаратпен толықтырып өтті. Оқытушы жаңа сабақты түсіндіріп, ағаш жапырағы әдісін қолдана отырып кері байланыс жасады.Оқытушы жүрек өкпе реанимациясы манипуляциясын көрсетіп берді. Білім алушылардың жалпы белсенділігі жоғары және оқытушының бағытымен білім алушылар өзара тіл табыса білді.


Ішкі аурулар пәнінің оқытушысы Ақшалова Ж.Ж 32 топ білім алушылары мен «Ревматизм, жүрек ақаулары» тақырыбында ашық сабақ өткізілді. Сабақ барысында ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыру үшін «Сәлеметсің бе» әдісін қолдана отырып бір біріне жақсы тілектер айтты. Топ екі топшаға «Ревматизм» және «Жүрек ақаулары» болып бөлініп аурулардың клинакасын, синдромын , асқынуларын , емі, алдын алуын сипаттап берді. Теориялық білімін тексеру үшін ППП (Презентация, Практика, Продукт) әдісін қолданып білім алушылардың зейінін сабаққа аудара білді. Сабақ барысында өтілген тақырыпты білім алушылардың қаншалықты түсінгенін “ИЯ-ЖОҚ” әдісі арқылы өтілген сабақ бойынша сұрақтар қойып анықтады.


ЦӘК төрайымы Абдувалиева Б.Т 1.04.2023 жылы «Медицинаға деген сүйіспеншілік – адамзатқа деген сүйіспеншілік» атты 3 курс арасында конкурс өткізді.
- Жүрек – өкпе реанимациясы манипуляциясын орындады .
- Аяққа крамер шина қою 31,32,33,301,34 топ білім алушылары қатысты.


Учебно - методический материал по специальностям
| Учебный год | Лечебное дело | Сестринское дело |
|---|---|---|
| 0301000 «Лечебное дело» 09120100 «Лечебное дело» | 0301013 «Фельдшер» 4S09120101 «Фельдшер», | ГОСО 2020 ГОСО 2022г |
| 09130200 Акушерское дело | 4S09130201 «Акушер (ка)» | ГОСО 2022г |
| По0302000 «Сестринское дело» 09130100 «Сестринское дело» | 0302033-«Медицинская
сестра общей практики 4S09130103 – "Медицинская сестра общей практики» | ГОСО 2020г ГОСО 2022г |
| 0302000 «Сестринское дело» 09130100 «Сестринское дело» | 0302054 «Прикладной бакалавр сестринского дела» 5AB09130101- «Прикладной бакалавр сестринского дела» | ГОСО 2020г ГОСО 2022г |
| 09140200 «Фармация» | фармацевт | ГОСО 2022г |
