Воспитательная работа в Высшем медицинском колледже «Диана»
1. «Білікті маман – ел болашағы» атты студенттер қатарына қабылдау рәсімі

2. Тәуелсіздік — елімнің ерлік жолы» атты патриоттық тәрбие бойынша атқарылған жұмыстар
3. «Дені сау ұрпақ – ел болашағы» спорттық іс-шара
«
4. Нұрлы болашаққа – зиянды әдеттерсіз» мамандармен кездесу
5. « Мемлекет тұрақтылығының негізі – тәртіп пен құқықтық сауаттылық» атты құқық қорғау қызметкерлерімен кездесу
6. «Ерікті болу –ерлік іс» акциясы «Мейірім» үйірме мүшелерімен
7. Ахмет Байтұрсыновтың 150 жылдығына арналған « Ұлтқа – ұстаз , ұрпаққа- ұран өр тұлға» атты әдеби кеш

8. «Төрлет, әз Наурыз. Төрлет, той Думан!» атты мерекелік іс-шара


«Ынтымастық нәтижесі – құзіретті маман» атты жұмыс беруші күніне арналған кездесудің қорытындысы
«Диана» Жоғары медицина колледжінде 2022 жылдың қараша айының 15 күні «Ынтымастық нәтижесі – құзіретті маман» атты жұмыс беруші күніне арналған кездесу өтті.
Кездесудің негізгі мақсаты — техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарында кадрларды даярлау сапасын арттыру мақсатында жұмыс берушілермен одан әрі тиімді өзара іс-қимыл жасау.
Кездесуге шақырылған жұмыс берушілер: «Панфилов ауданаралық көпсалалы ауруханасының» директорының орынбасары Кудерова Алтынай Алтайқызы, «Мейірім» Жаркент әлеуметтік қызмет көрсету орталығының директоры Раев Амантай Абдықадырұлы, «Дауа» медициналық орталығының басшысы Қожахметов Нурдаулет , «Нуримед» медициналық орталығының басшысы Мансуров Ахметжан Нурмухамедович. Келген қонақтарды қарсы алып, колледждің материалды-техникалық базасымен таныстырылды.
Кездесу барысында әр емдеу мекемелерінің басшылары өз мекемесімен таныстырып, болашақ орта медицина қызметкерлеріне қойылатын талаптармен таныстырып өтті. Колледж бітушілері сұрақтар қойылып, жауаптар алынды, жас мамандардың жұмысқа орналасуы туралы өзекті мәселелер талқыланды.
Кездесу соңында колледж директоры Ахметова Бақша Баужанқызы сөз сөйлеп, жұмыс берушілірді марапаттау рәсімі жүргізіліп, қысқа концерттік бағдарлама ұймдастырылды.





«Қыз тәрбиесі- ұлт болашағы» тақырыбында полиция капитаны Талшын Нурлабиқызымен кездесу өтілді.
Мақсаты: ата-ананы сыйлау, түнгі уақытта көшеге, қыдыратын орындарға бармауға, қыз баланың абыройы — тәрбие мен тәртіптің болуында екенін түсіндіру.
1-2 курс ата-аналарымен ұйымдастырылған жиналыста педагог-психолог «Қыз бала тәрбиесінің ерекшеліктері» сынды тақырыбында баяндама жасап, «Қыз бала тәрбиесіндегі ананың рөлі» жадынамалар таратылды.


15.09.2022ж «Мемлекет тұрақтылығының негізі — тәртіп пен құқықтық сауаттылық» тақырыбында құқық қоргау органдары қызметкерлерімен кездесу ұйымдастырылды.
Кездесуге Панфилов ауданы прокуратурасының прокуроры 3 – сыныпты заңгер Ахметбаев Айбол Болатұлы, колледж инспекторы, полиция капитаны Талшын Нурлабиқызы , ата-аналар комитетінің төрайымы Имангалиева Гульмира Баймухановна қатысты.
Сөз кезегі құқық қорғау орган қызметкерлеріне беріліп өз сөзінде кәмелетке толмаған жасөспірімдер арасында кездесетін құқық бұзушылық, атап айтқанда , бопсалау , ұрлық жасау, бұзақылық, әлеуметтік желі арқылы жалған ақпарат тарату, кибербуллинг т.с.с теріс әрекеттер, ондағы заңдық, құқықтық жауапкершілік жайлы толық ақпарат берілді.
Кезекте сөз колледждің ата-аналар комитетінің төрайымы- Имангалиева Гульмира Баймухановна сөз алып, колледж бен ата-аналар арасында құқықтық тәрбие жөнінде байланыстың бар екенін, ата-аналар жиналыстарының жиі ұйымдастырылатынын, сабақ үлгерімі мен тәртіптің үнемі бақылауда екендігін айтты. Соның нәтижесінде өрескел құқық бұзушылық жағдайлардың тіркелмегенін атап өтті.



Колледж психологі Назерке Әділетханқызы, аудандық көпсалалы ауруханасының психологі Құралай Мұратханқызы және салауатты өмір салтын қалыптастыру маманы Лязат Самовантқызымен бірге
«Жақсы қыз ата-ана мақтанышы» атты психологиялық жағдаяттық сұрақтар, «Өзіңді-өзің бағала » атты тренингтер өткізілді.
Мақсаты: Қыз балалардың гигиенасын сақтануы, бір — біріне эмпатиялық сезімді,жағымды көңіл күйді көтеру. нәзіктік, сыпайы болуды, жинақы киіну үлгісін қалыптастыру.



2022-2023 оқу жылы «Білікті маман- ел болашағы»
Студенттер қатарына қабылдау рәсімі.
Қатысқан топтар саны- 17
Білім алушылар саны- 280
2022 жылы 7- қазан күні 2022-2023 оқу жылында қабылданған білім алушыларға «Білікті маман- ел болашағы» атты студенттер қатарына қабылдау рәсімі өткізілді. Мақсаты: Білім алушылардың ой өрісін кеңейту, мамандыққа деген қызығушылықтарын арттыру. Білім алушылардың өз елін сүюге, адамгершілікке, ізгілікке және медицина антына берік, адал болуларына, науқастарға қамқор, бәсекеге қабілетті білімді, білікті маман болуға тәрбиелеу.
Салтанатты жиынның басы Қ Р гимні орындалды. Жүргізушілер колледж тынысы жөнінде қысқаша ақпарат берді. Құттықтау сөз колледждің атқарушы директоры Қ. Қ Дауроваға берілді.
21,22,23 топ білім алушылары Флоренс Найтингель, Халел Досмуханбетов, Гиппократ сөздерін білім алушыларға жеткізіп, мәңгілік алау,мархаббат кілті,білім кітабы табысталып, Студенттік ант беру рәсімі орындалды. Ант беру рәсімінен кейін концерттік бағдарламалар ұсынылды:
2-3 курс қыздары 21,32 топ білім алушылары қазақ биін, 304,24,25 топ қыздары ұйғыр ұлтының билерін орындады.
Сонымен қатар 33 топ білім алушылары Айшолпан мен Милананың орындауында «Дәрігерлер»,«Диана» әні, 13 топ білім алушылары Алмат пен Айымның орындауында «Ұстаздар» әндері орындалды.
Кезекте директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары Э. Н Байтугузова 1 курс білім алушыларын студенттер қатарына қабылдануымен құттықтап, 17 топтың топ басшысыларына сынақ кітапшасы тапсырды.
Оқытушылар атынан ішкі аурулар пәнінің оқытушысы С. С Оспановаға, тарих пәнінің оқытушысы П. В Емецке берілді. 4 курс білім алушылары Алфия мен Кристина құттықтау сөз сөйледі.
Салтанатты жиынның соңында 42 топ білім алушысы Уалиев Мадияр «Бір ел болса»,« Қазақстаным» әнін орындады.
15-22 қараша күндері колледждің тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Назерке Әділетханқызы, «Инабат» қыздар ұйымының жетекшісі және мейірбике ісі пәнінің оқытушысы Арайлым Муқашқызы , топ жетекшілермен бірге
«Бой түзеу — әуелі ой түзеу» тақырыбында 1-2 курс қыздарымен топтық сағаттар өткізілді. Топтық сағатта қыздарға арнайы дайындалған жадынамалар таратылып, бейне-роликтер көрсетілді.
Мақсаты: әдет-ғұрыпты қыз баланың бойына сіңіре отырып, келешекте ана алдында қоғамның, ұлттың тыныс-тіршілігі барысындағы үлкен жауапкершіліктің тұрғандығын сезіндіре отырып, әдепті, сыпайы, білімді жан жақты жетілген қыз бала болуға тәрбиелеу. Ерте жастағы жүктілік, оның алдын алу жолдары туралы білім алушыларға айтып, түсіндіру.
«Ұстаз аты – биік әрі мәңгілік» атты мерекелік жиын.
Мақсаты:Білім алушыларды ұстазды құрметтеуге, сыйлауға үйрету, ұстаз мамандығыныңқыры мен сырларын түсіндіру. Ұстаз еңбегін әрқашан бағалай білуге үйрету.
Жүргізшілер мерекелік іс-шараны құттықтау тілектерімен басталды. Мерекелік іс-шарада: Айым мен Алматтың орындауында «Ұстазым» әні, 23- топ білім алушысы Нұрсараның орындауында Қазақ биі, 33- топ студенті Диананың орындауында көңілді әндер орындалды. Мерекелік іс-шара соңында колледждің білікті ұстаздары тарих пәнінің оқытушысы Емец Палина Владимировна, Орыс тілі пәнінің оқытушысы Хамитова Алия Нурахметовнаға құттықтау сөз берілді.
2023-2024 оқу жылы бойынша
Тәрбиенің басым бағыттары
«Орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының педагогтары жүргізу үшін міндетті құжаттардың тізбесін және олардың нысандарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2020 жылғы 6 сәуірдегі № 130 бұйрығы бойынша Тәрбие жұмысы жоспары жасалады.
І. Тәрбиені нормативтік құқықтық қамтамасы зету
ІІ. Ғылыми-әдістемелік және ақпараттық қамтамасыз ету
ІII. Іске асыру тетіктері: тәрбиенің басым бағыттары бойынша іс-шаралар
1.Бағыты: жаңа қазақстандық патриотизм мен азаматтықты тәрбиелеу, құқықтық тәрбие
Мақсаты: Отанға ұтымды және эмоционалды ққарым-қатынасы, мемлекет пен қоғамны ң саяси, құқықтық және сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңсыздыққа қарсы тұратын, балалар мен жастар ортасында қатыгездік пен зорлық-зомбылыққа қарсы тұруға дайын заңдарын меңгеру және сақтау қажеттілігі бар патриот пен азаматты қалыптастыру.
- Бағыты: рухани-адамгершілік тәрбие
Мақсаты: тұлғаның қазақстандық қоғам өмірінің жалпы адамзаттық құндылықтарымен, нормалары мен дәстүрлерімен келісетін рухани-адамгершілік және этикалық қағидаларын, оның моральдық қасиеттері мен ұстанымдарын қайта жаңғырту туралы «Рухани жаңғыру» құндылықтары негіздерінің, оның ішінде «Құндылықтарға негізделген білім беру», «Қоғамға қызмет» жобаларын іске асыру арқылы терең түсінігін қалыптастыру. - Бағыты: ұлттық тәрбие
Мақсаты: жеке тұлғаны жалпыадамзаттық және ұлттық құндылықтарға, ана тілі және мемлекеттік тілге, қазақ халқының мәдениетіне, Қазақстан Республикасының этностары мен этностық топтарына құрмет көрсетуге бағыттау. - Бағыты: Отбасылық тәрбие
Мақсаты: ата-аналарға білім беру, олардың психологиялық-педагогикалық құзыреттілігін және балаларды тәрбиелеу жауапкершілігін арттыру. - Бағыты: Еңбек, экономикалықжәнеэкологиялықтәрбие
Мақсаты: кәсіби өзін-өзі анықтауға саналы көзқарасты қалыптастыру, экономикалық ойлауды және тұлғаның экологиялық мәдениетін дамыту. - Бағыты: Интеллектуалды тәрбие, ақпараттық мәдениетті тәрбиелеу
Мақсаты: әрбір тұлғаның зияткерлік мүмкіндіктерін, көшбасшылық қасиеттерін және дарындылығын, сондай-ақ ақпараттық, оның ішінде балалардың кибермәдениеті мен кибергигиенасы бойынша мәдениетті дамытуды қамтамасыз ететін мотивациялық кеңістікті қалыптастыру. - Бағыты: көпмәдениеттік және көркем-эстетикалық тәрбие
Мақсаты: Жалпы мәдени мінез-құлық дағдыларын қалыптастыру, жеке тұлғаның өнер мен шынайылыққа эстетикалық объектілерді қабылдауға, меңгеруге, бағалауға дайындығын дамыту, оның ішінде «Ұшқыр ой алаңы» мектеп оқушыларының дебаттық қозғалысы» жалпыұлттық мәдени-білім беру жобасын іске асыру арқылы білім беру ұйымдарында полимәдени орта құру. - Бағыты: дене тәрбиесі, салауатты өмір салты
Мақсаты: Салауатты өмір салты дағдыларын табысты қалыптастыру, дене және психологиялық денсаулықты сақтау, денсаулыққа зиян келтіретін факторларды анықтауды білу үшін кеңістік құру.
Техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарындағы тәрбие жұмысына қатысты өзгерістер мен толықтырулар жөнінде:
Осы бөлімде ТжКОБ ұйымдарында тәрбие жұмысын ұйымдастыруды регламенттейтін нормативтік құқықтық құжаттарды ескере отырып, жаңа оқу жылында тәрбие жұмысын ұйымдастыру тәсілдері өзектендірілді. Оқу-тәрбие процесін ұйымдастыру кезіндегі басымдықтар білім алушылардың әл-ауқатын қамтамасыз ету, білім алушының жеке басына деген құрмет пен сенім, олардың құқықтары мен заңды мүдделерін қамтамасыз ету, оларды кемсітуге жол бермеу болып табылады.
Тәрбие жұмысын ұйымдастыру кезіндегі негізгі нормативтік құқықтық құжаттар:
- Қазақстан Республикасының Конституциясы;
- 2011 жылғы 26 желтоқсандағы «Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы» Қазақстан Республикасының Кодексі;
- Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 27 шілдедегі «Білім туралы» Заңы;
- «Қазақстан Республикасындағы баланың құқықтары туралы» 2002 жылғы 8 тамыздағы Қазақстан Республикасының Заңы;
- «Тұрмыстық зорлық-зомбылық профилактикасы туралы» Қазақстан Республикасының 2009 жылғы 4 желтоқсандағы № 214-1V Заңы;
- «Балаларды денсаулығы мен дамуына зардабын тигізетін ақпараттан қорғау туралы» Қазақстан Республикасының 2018 жылғы 2 шілдедегі №169-УІ Заңы;
- «Білімді ұлт» cапалы білім беру» ұлттық жобасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 12 қазандағы № 726 қаулысы;
- «Орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының педагогтары жүргізу үшін міндетті құжаттардың тізбесін және олардың нысандарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2020 жылғы 6 сәуірдегі № 130 бұйрығы;
- Ұлттық мерекелер, мемлекеттік мерекелер, кәсіби және өзге де мерекелер «Қазақстан Республикасының мерекелері туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 13 желтоқсандағы N 267 Заңымен реттеледі;
- «Жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық және халықаралық олимпиадалар мен ғылыми жобалар конкурстарының (ғылыми жарыстардың), орындаушылар конкурстарының, кәсіби шеберлік конкурстарының және спорттық жарыстардың тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2011 жылғы 7 желтоқсандағы № 514 бұйрығы.
«Жастар ісі жөніндегі комитеттің, «Жас Сарбаз» әскери-патриоттық клубының, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарындағы қызығушылықтар бойынша клубтардың жұмысын ұйымдастыру жөніндегі әдістемелік ұсынымдарды бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2021 жылғы 18 қаңтардағы
№ 24 бұйрығы.
Бүгінгі таңда колледждердегі тәрбие жұмысының негізгі міндеті-бәсекеге қабілетті түлекті дайындап қана қоймай, ең алдымен онда адами құндылықтар мен қажетті өмірлік дағдыларды қалыптастыру:
- Студенттердің оқу сауаттылығын арттыру
2022 жылғы 02 мамырдағы «Оқуға құштар колледж» тұжырымдамасы (бұдан әрі — Тұжырымдама) және 2022-2025 жылдарға арналған Тұжырымдаманы іске асыру жөніндегі іс — шараларды өткізу жоспары (бұдан әрі-жоспар) шеңберінде сауалнама, тестілеу және сауалнама жүргізу арқылы білім алушылардың оқырмандық қызығушылықтарының, оқырман құзыретінің деңгейіне тұрақты мониторингті жүзеге асыру қажет. Білім алушылардың қызығушылықтарын ескере отырып, кітапхана қорын жеке тұлғаның өзін — өзі дамытуы үшін әдебиеттермен-сапалы отандық, шетелдік көркем, салалық ғылыми-танымал, ғылыми-танымдық, энциклопедиялық және анықтамалық әдебиеттермен дәстүрлі баспа және электрондық ақпарат тасығыштарда толықтыруды ұлғайту қажет.
Жоспар шеңберінде «Топтың үздік оқырманы», «Жылдың үздік оқырманы» конкурстарын өткізу бойынша жұмысты жалғастыру, тұрақты жұмыс істейтін буккроссинг аймағын және т. б., викториналар, кітапханалық квесттер, флешмобтар ұйымдастыру қажет.
Ұйымның сайтында үздік әлемдік және отандық әдебиеттерге арналған түрлі қызметтер, студенттердің оқуын жандандыру ресурстары (интернет-викториналар, ұсынылатын қызметтер, кітап клубтары туралы ақпарат және т.б.) ұсынылуы керек.
Кітаптарды электронды форматта, соның ішінде мобильді құрылғылар арқылы оқу мүмкіндіктерін ынталандыру, әдебиет ағынын жақсартуға көмектесетін жаңа электрондық ресурстарды дамыту маңызды.
- Дене тәрбиесі, салауатты өмір салты
Оқу жылының басында колледждің спорттық-бұқаралық жұмыс жоспарын құру және бекіту. Жоспар аясында студенттерді колледждің спорт секциялары туралы таныстыру, сондай-ақ студенттер топтары мен олардың ата-аналарының чаттарына қолданыстағы спорт секциялары туралы электрондық буклеттер (фото, жаттықтырушылардың байланыстары, жаттығу кестелері) жолдау қажет. Бірінші кезекте халықтың әлеуметтік осал топтарынан қолдауды талап ететін студенттерді тарту.
Спорттық іс-шаралар бойынша бекітілген жұмыс жоспарына сәйкес студенттердің спорт түрлері бойынша Ұлттық спорт лигасының колледжішілік, қалалық/облыстық және республикалық кезеңдеріне қатысуын және ұйымдастырылуын қамтамасыз етсін.
Жастар арасында бұқаралық спортты дамыту мен танымал ету және салауатты өмір салтын насихаттау мақсатында Ұлттық спорт лигасының спорт түрлері бойынша жарыстарының барлық қорытындыларын БАҚ-та, интернет-ресурстарда, әлеуметтік желілерде, YouTube-арналарда жариялау қажет.
Ай сайын негізде студенттер мен олардың ата-аналарына арналған бейнероликтерді, инфографикаларды, постерлерді БАҚ-та, интернет-ресурстарда, әлеуметтік желілерде, YouTube-арналарда орналастыра отырып, нашақорлықтың, электрондық темекі тұтынудың алдын алу жөніндегі мамандарды шақыра отырып, іс-шаралар өткізу.
- Білім алушылардың ақпараттық мәдениетін дамыту
ТжКОБ ұйымының тәрбие жүйесінде білім алушылардың сабақтарынан тыс әртүрлі нысандарды ұйымдастыру үшін қолайлы жағдайлар жасау маңызды, бұл жиынтықта білім алушылардың рухани-адамгершілік, азаматтық — патриоттық, көркемдік-эстетикалық, еңбек және дене тәрбиесін іске асыруды қамтамасыз етеді.
Оқудан тыс қызметті ұйымдастыру түрлерінің бірі білім алушылардың шығармашылық әлеуетін ашуға ықпал ететін үйірмелер болып табылады. Сондықтан ТжКОБ ұйымдарға қызығушылығы бар білім алушыларды тарта отырып үйірмелер құру мүмкіндігін қарастыру ұсынылады.
Сонымен қатар, қазіргі заманғы колледж білім беру процесінде оқудан тыс қызметті ұйымдастырудың инновациялық әдістерін, формаларын, модельдерін іздеуді жүзеге асыруы керек: стартап-жобаларды қорғау; колледж подкастын жүргізу; колледждің электронды газетін ұйымдастыру; Ted форматындағы кездесулер; танымал адамдармен кездесулер; қайырымдылық әлеуметтік жобалар; елдің мәдени көрікті жерлеріне экскурсиялар; колледж серіктестермен өзара әрекет.
«Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарында Жастар ісі жөніндегі комитеттің, «Жас Сарбаз» әскери-патриоттық клубының, қызығушылықтар бойынша клубтар жұмысын ұйымдастыру жөніндегі әдістемелік ұсынымдарды бекіту туралы» ҚР Білім және ғылым министрінің 2021 жылғы 18 қаңтардағы № 24 бұйрығы шеңберінде ТжКОБ ұйымдарында жастар ісі жөніндегі комитеттер (бұдан әрі – ЖІК), №77 ҚРҮҚ сәйкес жастар ісі жөніндегі инспектор лауазымын көздеу қажет), «Жас Сарбаз» әскери-патриоттық клубтарын, қызығушылықтары бойынша клубтар құру жөніндегі жұмысты жалғастыруды ұсынамыз. Осы бағыттағы жалпы басшылық пен қызметті үйлестіру колледж басшылардың тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасарларына бекітілсін.
Сонымен қатар, дебат клубтарын құру жөніндегі жұмысты жалғастыру және жеке тұлғаның үйлесімді дамуын, Қазақстандық патриотизмді, азаматтық бірегейлікті және толеранттылық мәдениетін қалыптастыруды қамтамасыз ететін неғұрлым тиімді зияткерлік құрал ретінде студенттерді дебаттық қозғалысына тарту жөнінде шаралар қабылдау қажет (Қазақстандағы оқушылар мен студенттердің дебаттық қозғалысының жалпыұлттық мәдени-білім беру жобасының тұжырымдамасы).
Студенттік өзін-өзі басқаруды дамыту мақсатында әр колледжде студенттік парламенттер құруды жалғастыру қажет. Парламент мүшелері колледждің алқалы органдарына кіріп студенттердің белгілі бір тобының мүдделерін білдіруі керек
Сонымен қатар, ЖІК мен студенттік парламенттердің міндеттері әртүрлі, яғни ЖІК студенттерді түрлі іс — шараларға тартады және өткізеді, ал студенттік парламент мүшелерінің міндеті негізінен студенттердің мүдделері мен құқықтарын қорғау болып табылады.
Апта сайын ең өзекті тақырыптар мен сұрақтар бойынша топтар, курстар және т.б. арасында дебаттық турнирлер өткізу қажет («Development Day» аясында мүмкін болады).
Негізгі сабақтардан кейін аптасына бір рет «Development Day» студентінің даму күнін ұйымдастыруды ұсынамыз, оны ЖІК ұйымдастыруы қажет. Яғни, бұл күні әр студент кез-келген қызығушылық клубтарына еркін қатыса алады, дебаттарға, семинарларға қатыса алады (белгілі тұлғаларды, бизнесмендерді, мемлекеттік қызметшілерді, депутаттарды, кәсіпорын басшыларын шақыра отырып, студенттерге оларды ынталандыру мақсатында «Олар бұған қалай келді» деп айта алады), спорттық іс-шаралар, конкурстар,тимбилдингтер, театрларға бару, бір уақытта өту керек экскурсиялар-бұл студенттерге өз қызығушылықтарын таңдауға мүмкіндік береді.
Жобаларды білім беру ұйымы білім алушылардың отбасыларымен, білім беру ұйымының әлеуметтік серіктестерімен тұрақты өзара әрекет пен тығыз ынтымақтастықта іске асыруы тиіс.
- Конкурстар мен жарыстар
Тұрақты түрде жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық және халықаралық олимпиадалар мен ғылыми жобалар конкурстарының (ғылыми жарыстардың), орындаушылар конкурстарының, кәсіби шеберлік конкурстарының және спорттық жарыстардың тізбесіне сәйкес (Министрліктің 2011 жылғы 7 желтоқсандағы № 514 бұйрығы) студенттерді әр түрлі конкурстарға (цифрлық дағдыларды қолдана отырып, әр түрлі салаларда ІТ-шешімдерді дамыту жөніндегі Hackathon идеялар конкурсы, «Гүлденебер, Қазақстан!», «Колледждердің үздік 100 студенті»», «Мен – кәсіпкермін», «Жас турист» Гранд турнирі) жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық және халықаралық олимпиадалар мен ғылыми жобалар конкурстарының (ғылыми жарыстардың) және өзге де жарыстарға тарту. Конкурстарға бірінші кезекте аз қамтылған, көп балалы және толық емес отбасылардан, сондай-ақ профилактикалық есепте тұрған студенттерді тарту қажет.
- Профилактикалық қызметті ұйымдастыру (психологиялық және әлеуметтік қызмет)
Бүгінгі таңда жасөспірімдер арасында буллинг/кибербуллинг, діни экстремизм мен терроризм, құқық бұзушылықтар мен нашақорлық, ерте жүктілік, репродуктивтік денсаулығын сақтау мәселелері өзекті болып отыр.
Қазақстандық жасөспірімдер ЭЫДҰ елдеріндегі өз құрдастарымен салыстырғанда буллингке жиі ұшырайды (32%) (орташа көрсеткіш — 23%). ЮНИСЕФ-тің хабарлауынша, жасөспірімдердің жартысынан көбі виртуалды зорлық-зомбылық, дін мен өзіне-өзі қол жұмсау жағдайларына тап болып, әлеуметтік желілерде танысуға оң көзқараспен қарайды. Осыған байланысты жоғарыда аталған келеңсіз үрдістердің алдын алу бойынша мынадай шаралар ұсынылады:
— әлеуметтік педагогтар мен педагог-психологтарды біліктілікті арттыру курстарына жіберу;
— буллинг/кибербулинг, суицид, киберқылмыс, ерте жүктілік, репродуктивті денсаулық, діни экстремизм және терроризм, құқық бұзушылықтар мен нашақорлықтың алдын алу жөніндегі мамандарды шақыра отырып, бұқаралық ақпарат құралдарында, интернет-ресурстарда, әлеуметтік желілерде, YouTube-арналарда студенттер мен олардың ата-аналарына арналған бейнероликтер, инфографиктер, плакаттар (буллингтің алдын алу бойынша қажетті материалдар қоса беріледі) орналастыра отырып, іс-шаралар өткізу.
Қолайлы білім беру ортасын құруда кураторлық қызмет ерекше рөл атқарады.
Кураторлық сағаттар білім беру мазмұнының маңызды бөлігі болып табылады. Кураторлық сағаттардың жоспарларын әзірлеу кезінде студенттік парламент мүшелерін тарта отырып, студенттердің жеке қажеттіліктері мен мүдделеріне назар аудару керек. Тақырыптық сынып сағаттарын өткізу нысандары: белгілі бір тақырыптағы әңгіме; пікірсайыс, рөлдік ойындар, тақырыптық дәріс, жиналыстар, қарым-қатынас сағаты (сұрақ-жауап), саяхат ойындары, тренингтер, конференциялар, мастер-кластар, театр қойылымдары болуы мүмкін.
Куратор білім алушылармен бірге топтың жалпы нормалары мен ережелерін әзірлеуге бастамашылық жасай алады. Қазіргі зерттеулерге сәйкес, бұл мінез-құлықтың жалпы нормаларын бірлесіп талқылау және үйлестіру, олардың жауапты сақталуына әкеледі.
«Диана» Жоғары медицина колледжі» мекемесі
4.09.2023 ж Жаркент қ.
«Жасөспірімдер арасында тәртіп бұзушылық пен пен нашақорлықтың алдын алу» тақырыбында кездесу
Мақсаты: білім алушылар арасында зиянды заттардың қолдану зияндылығы туралы ақпараттандыру деңгейін өсіру, жасөспірімдер арасында СНЮС, басқа да есірткі заттарын пайдаланудың алдын алу, салауатты өмір салтын насихаттау, тәртіп бұзушылықтың алдын алу
Қатысқандар:
ШЖҚ »Панфилов ауданаралық көпсалалы ауруханасы» КМК қызметкері аудандық нарколог дәрігері — Нураханов Ержан Амангелдиевич
Колледж инспекторы, полиция капитаны Талшын Нурлабиқызы
Колледж директоры тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Нури Н.Ә
Топ жетекшілер А.Ш Жақыпжанова, А.Ы Буланбекова, П.В Емец
- — білім алушы
Күн тәртібіндегі мәселе бойынша колледж инспекторы, полиция капитаны Талшын Нурлабиқызы жасөспірімдер арасындағы тәртіп бұзушылықтардың алдын алу, зиянды заттарды тұтыну, теріс жақтары бойынша нұсқаулық берілді. Жасөспірімдер арасында өте кең таралған зиянды заттар вейп сигареттер мен энергетикалық сусындардың адам ағзасына тигізер зияндығы туралы ақпарат бере отырып, зиянды заттарды ерте жастан қолдану жасөспірімдердің денсаулығына орасан зор қатер туғызатындығын ескертті.
Сонымен қатар білім алушыларға есірткі тұтынудың зияны мен зардаптарында түсіндіріп өтті. Есірткі-аса қауіпті ,айығуы үмітсіз әлеуметтік дерт. Есірткі адам психикасына өте қатерлі.Ол ойламаған қылмыстарға итермелейді, нашақор ашушаң , шамшыл келеді.
Қоғамдық орындарда зиянды заттарды тұтыну, насихаттау заңға қайшы әрекет екендігін түсіндіріп. Егер орын алған жағдайда ата-анасына айыппұл салынатынын ескертті.
Келесі сөз кезегі нарколог –дәрігер Нураханов Ержан Амангелдіұлы
нашақорлық — бүкіл қоғамның қасіреті, болашағымызға қауіп төндіріп тұрған індет. Есіртке –адамның көңіл –күйін , сана -сезімін , мінез-құлқын бұзатын қауіпті ,тиым салынған химиялық зат.Ол адамның есін алып ,құмарлық желігіне ұшыратады, нашақорлық есірткісіз өмір сүре алмайтын бейшара халге түсіреді. Нашақордың есірткіден улануынан тұтынған адамның бүкіл психикасы өзгереді. Біріншіден нерв жүйесін бірден улайды , елітіп ,еліртіп жібереді , ақылмен істейтін жұмыстардан бас тартатын болады. Өмірге қажетті барлық жұмысты орындауға ынтасы белсенділігі пәс болып тұрады, енжар өмір кешеді.
Білім алушыларға арнайы дайындалған видео көрсетілімдер ұсынылып, жадынамалар таратылды.
Білім алушылар өз тараптарынан зиянды заттарға жоламау керектігін айтып, болашақ медицина қызметкері болғандықтан аталған заттарды тұтынудан аулақ болып, олардың денсаулыққа зияндылығын түсініп, достарымызға, өздері жүретін ортамызда үгіт насихат жүргізетіндерін айтты.
«Диана» Жоғары медицина колледжі» мекемесі
4.09.2023 Жаркент қ.
Қатысқандар:
Колледждің атқарушы директоры Қ.Қ Даурова
Колледж директоры тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Нури Н.Ә
Колледж инспекторы, полиция капитаны Талшын Нурлабиқызы
Топ жетекшілер А.Ш Жақыпжанова, А.Ы Буланбекова
11,12,13, 14 топ білім алушыларының ата-аналары
Колледж директоры Қ.Қ Даурова жаңа оқу жылы қабылданған білім алушылардың ата-аналарына колледж әкімшілігі мен колледж инспекторымен таныстырды. Күн тәртібіндегі мәселе бойынша таныстырып өтті.
Сөз кезегі колледж инспекторы, полиция капитаны Талшын Нурлабиқызына берілді жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылықтардың алдын алу зорлық-зомбылыққа алып келетін қылмыстық іс-әрекет үшін заң бойынша қолданылатын жаза түрлері туралы ақпарат беріліп, кәмелетке толмаған жасөспірімдерге кешкі мезгілде сағ 22-00 ден кейін ата-анасыз (Заңды өкілінсіз) көшеде , ойын сауық орталықтарында, кафе,түнгі клубтарында жүруге тыйым салынатындығы туралы ескертілді.
Кәмелет жасқа толмаған балалар арасындағы қылмыстар мен құқық бұзушылықтарды болдырмау, Қазақстан Республикасының Кәмелетке толмаған жасөспірімдердің Заңындағы 24 — бап, 37- бап, 127- бап, 442- баптарын түсіндіріп өтті. Аталған баптар негізінде кәмелетке толмағандардың заңды өкілдерінің еріп жүруінсіз түнгі уақытта ойын-сауық мекемелерінде немесе тұрғынжайдан тыс жерде болуы туралы, кәмелеттік жасқа толмаған балалар арасындағы жиі кездесетін қылмыстар мен құқық бұзушылықтар туралы жан -жақты түсіндірді.
Сонымен қатар жасөспірімдер арасында зиянды заттарды тұтыну адам денсаулығына әсері , теріс жақтары бойынша нұсқаулық берілді.
Өте кең таралған зиянды заттар вейп сигареттер мен энергетикалық сусындардың адам ағзасына тигізер зияндығы туралы ақпарат бере отырып, зиянды заттарды ерте жастан қолдану жасөспірімдердің денсаулығына орасан зор қатер туғызатындығын ескертті.
Қоғамдық орындарда зиянды заттарды тұтыну, насихаттау заңға қайшы әрекет екендігін түсіндіріп. Егер орын алған жағдайда ата-анасына айыппұл салынатынын ескертті.
Кезекте колледж директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары
Н.Ә Нури колледждің ішкі тәртібі жөнінде айтты. Білім алушылардың сабақ кестесі, сабаққа қатысуы, киім үлгісі жөнінде. Колледж ішінде білім алушының сақтау керек ережелері, білім алушы құқылы, міндетті кезеңдерін толық түсіндіріп өтті.
2023-2024 оқу жылы «Үш тұғырлы тіл – жарқын болашақтың кепілі»
«5 қыркүйек тілдер күні» мерекесіне арналған іс-шара
Қатысқан топтар саны: 5
Білім алушылар саны: 30
2023 жылы 5 қыркүйек күні «5 қыркүйек тілдер күні мерекесіне» арналған «Үш тұғырлы тіл – жарқын болашақтың кепілі» атты тәрбие сағаты өткізілді. Мақсаты: Тіл тазалығын сақтау, мәдениетті сөйлеу, өзге тілді құрметтеу, ана тіліне сүйіспеншілігін қалыптастыру, мемлекеттік тіл мәртебесін көтеруге ат салысуға шақыру,Отанға деген сүйіспеншілік пен патриоттық сезімін ояту, үш тілдік саясатты дамыту.
Тәрбие сағаты Қазақстан Республикасының әнұранымен басталды.
203, 206 топ білім алушылары құттықтау өлең жолдарын, 203 топ қыздары «Шашу» биін, 12 топ білім алушысы Серғазы Арнұр «Дүр қамшы» әнін, 203 топ қыздары Кадирова Рамиля мен Магаметова Дильназ «Земля Кзахстана» әнін, 24 топ қыздары «Орыс» биін, 203 топ қыздары Кадирова Рамиля мен Магаметова Дильназ «Сәлем» барлық тілде әнін, 24 топ білім алушысы Назерке Әділхан «Ана тілім» көркем сөзін, 25 топ білім алушылары «Қара жорға» биін орындады.
Құттықтау сөз “Тіл оқу әдістемелк орталығы” Панфилов аудандық филиалының меңгерушісі Аслан Маратұлына сөз берілді.
Тәрбие сағатының соңында 203 топ білім алушылары Кадирова Рамиля мен Магаметова Дильназ «Көк тудың желбірегені» әнін орындады.
2023-2024 оқу жылы «Ұстаз аты- биік,әрі мәңгілік!»
тәрбие сағаты
Қатысқан топтар саны— 12,24
Білім алушылар саны- 35
2023 жылы 5- қазан күні «Ұстаз аты- биік, әрі мәңгілік!»атты тәрбие
сағаты өткізілді.
Мақсаты: Ұстаздың адам өмірінде алатын орны зор екендігін, ұстаздарды құрметтеу, сыйлау және қадірлеу қасиеттерін білім алушылардың бойына дарыту.Жүргізулер ұстаздар күнімен ұстаздарды құттықтап , өз өнерлерін көрсетті.Құттықтау сөз колледждің атқарушы директоры Ахметова Бақша Баужанқызына берілді. Ұстаздарды колледж әкімшілігі құттықтау барысында Емец П.В, Макенов А.С, Қызайбайұлы Қ Аудандық, «Аманат» партиясының алғыс хаттарымен марапаттады.
12топ білім алушылары ұстаздарға алғысын білдіріп, өз өлең- шумақтарын арнады. 12,24 топ білім алушылары ұстаздарға арнап концерттік бағдарламалар ұсынды:
12 топ қыздары ұйғыр биін, 24 топ қыздары өзбек ұлтының билерін орындады. Сондай- ақ «Құдаша» биін 12,24 топ қыздары мен жігіттері орындады.
Сонымен қатар 12 топ білім алушылары Әлібек пен Сезімнің орындауында «Ұстаздар» әндері, 24 топ білім алушысы Самидолда Айымның орындауында «Жұлдызым» әні, 12 топ білім алушысы Серғазы Арнұрдың орындауында «Балқия»әндері орындалды.
Оқытушылар атынан Әсемгүл Айтпайқызына сөз беріліп , ұстаздарды құттықтап, өз лебізін білдірді.
25 қазан-Республика күні мерекесіне орай «Диана» Жоғары медицина колледжінде 11,12,22,23-топ білім алушыларының ұйымдастыруымен «Туған ел», «Отан» ұғымдарына саналы көзқарас қалыптастыра отырып, атаулы күннің маңызын ұғыну; ел тарихында тәуелсіздік жолында қызмет еткен Арыстар өмірі мен қызметіне құрмет көрсету және Елжандылық, Отаншылдық сезімді шыңдау мақсатында «Қазақстан-азат ұям, ұлы елім!» атты салтанатты шара өтті.
Бірнеше бөлімге құрылған өнеге сағаты барысында еліміздің Тәуелсіздік шежіресінен сыр шертер деректер келтіріліп, тарихи кезеңдерге шолу жасалды.
Білім алушылар тарихи тұлғалардың Тәуелсіздік жолындағы орны туралы деректерден көріністер ұсынып, ұлт көсемдеріне деген құрметін арнады.
Шара қорытындысында білім алушылар еліміз үшін ең маңызды күнге арналған жүрекжарды лебіздерін тақырыптық өлеңдер, ән-күй арқылы білдірді.
