Қатысқан топтар: 11,14,201,202,203,31
Білім алушылар саны: 40
2023 жылдың 5- мамыр күні Отан қорғаушылар күніне орай Үстел теннисінен қыздар арасында жарыс өткізілді.
Мақсаты: Отан сүйгіштікке тәрбиелеу,білім алушылар арасында достық қарым- қатынас қалыптастыру. Салауатты өмір салтын насихаттау.
Спорттық жарысқа Панфилов ауданының Бұқаралық спорт бөлімінің нұсқаушысы Қабылда Қамбар, колледж директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Назерке Әділетханқызы , дене шынықтыру пәнінің оқытушысы Абзал Сайранұлы.
Спорттық жарыстың басында Қ Р Гимні орындалды. Дене шынықтыру пәнінің оқытушысы Макенов А.С спорттық жарыс мақсатымен таныстырып, ойын ережесін түсіндірді.
Колледж директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Назерке Әділетханқызы 7- мамыр Отан қорғаушылар күнімен құттықтап , ойыншыларға сәттілік тіледі.
Бұқаралық спорт бөлімінің нұсқаушысы Қабылда Қамбар жарысқа қатысушыларды арнайы медаль, мадақтама грамоталарымен марапаттады.
Үздік ойын көрсеткен білім алушылар 1- орын иеленген білім алушы – 201 топ білім алушысы Илахунова Диляра, 2- орын білім алушысы Амангелдіқызы Мәрмәр, 3- орын 14 топ білім алушысы Джунусова Томирис иеленді. Үздік ойыншы атанған 201 топ білім алушысы- Ақынбек Марал.
