«Ынтымастық нәтижесі – құзіретті  маман» атты  жұмыс беруші күніне арналған  кездесудің  қорытындысы

«Диана» Жоғары медицина колледжінде 2022 жылдың қараша айының 15 күні «Ынтымастық нәтижесі – құзіретті  маман» атты  жұмыс беруші күніне арналған  кездесу өтті.

  Кездесудің  негізгі мақсаты —  техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарында кадрларды даярлау сапасын арттыру мақсатында жұмыс берушілермен одан әрі тиімді өзара іс-қимыл жасау.

  Кездесуге шақырылған жұмыс берушілер:  «Панфилов ауданаралық көпсалалы ауруханасының» директорының орынбасары Кудерова Алтынай Алтайқызы, «Мейірім» Жаркент әлеуметтік қызмет көрсету орталығының директоры Раев Амантай Абдықадырұлы, «Дауа»  медициналық орталығының басшысы  Қожахметов Нурдаулет ,  «Нуримед» медициналық орталығының басшысы Мансуров Ахметжан Нурмухамедович. Келген қонақтарды  қарсы алып, колледждің материалды-техникалық базасымен таныстырылды.

  Кездесу барысында әр емдеу мекемелерінің басшылары өз мекемесімен таныстырып, болашақ орта медицина қызметкерлеріне қойылатын талаптармен таныстырып өтті.  Колледж бітушілері сұрақтар қойылып, жауаптар алынды, жас мамандардың жұмысқа орналасуы туралы өзекті мәселелер талқыланды.

  Кездесу  соңында колледж директоры Ахметова Бақша Баужанқызы сөз сөйлеп, жұмыс берушілірді марапаттау рәсімі жүргізіліп, қысқа концерттік бағдарлама ұймдастырылды.

Share on google
Google+
Share on skype
Skype
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp

Добавить комментарий

Ваш электронный адрес не будет опубликован. Обязательные для заполнения поля помечены *

Оставить комментарий