4.09.2023 Жаркент қ.
Қатысқандар:
Колледждің атқарушы директоры Қ.Қ Даурова
Колледж директоры тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Нури Н.Ә
Колледж инспекторы, полиция капитаны Талшын Нурлабиқызы
Топ жетекшілер А.Ш Жақыпжанова, А.Ы Буланбекова
11,12,13, 14 топ білім алушыларының ата-аналары
Колледж директоры Қ.Қ Даурова жаңа оқу жылы қабылданған білім алушылардың ата-аналарына колледж әкімшілігі мен колледж инспекторымен таныстырды. Күн тәртібіндегі мәселе бойынша таныстырып өтті.
Сөз кезегі колледж инспекторы, полиция капитаны Талшын Нурлабиқызына берілді жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылықтардың алдын алу зорлық-зомбылыққа алып келетін қылмыстық іс-әрекет үшін заң бойынша қолданылатын жаза түрлері туралы ақпарат беріліп, кәмелетке толмаған жасөспірімдерге кешкі мезгілде сағ 22-00 ден кейін ата-анасыз (Заңды өкілінсіз) көшеде , ойын сауық орталықтарында, кафе,түнгі клубтарында жүруге тыйым салынатындығы туралы ескертілді.
Кәмелет жасқа толмаған балалар арасындағы қылмыстар мен құқық бұзушылықтарды болдырмау, Қазақстан Республикасының Кәмелетке толмаған жасөспірімдердің Заңындағы 24 — бап, 37- бап, 127- бап, 442- баптарын түсіндіріп өтті. Аталған баптар негізінде кәмелетке толмағандардың заңды өкілдерінің еріп жүруінсіз түнгі уақытта ойын-сауық мекемелерінде немесе тұрғынжайдан тыс жерде болуы туралы, кәмелеттік жасқа толмаған балалар арасындағы жиі кездесетін қылмыстар мен құқық бұзушылықтар туралы жан -жақты түсіндірді.
Сонымен қатар жасөспірімдер арасында зиянды заттарды тұтыну адам денсаулығына әсері , теріс жақтары бойынша нұсқаулық берілді.
Өте кең таралған зиянды заттар вейп сигареттер мен энергетикалық сусындардың адам ағзасына тигізер зияндығы туралы ақпарат бере отырып, зиянды заттарды ерте жастан қолдану жасөспірімдердің денсаулығына орасан зор қатер туғызатындығын ескертті.
Қоғамдық орындарда зиянды заттарды тұтыну, насихаттау заңға қайшы әрекет екендігін түсіндіріп. Егер орын алған жағдайда ата-анасына айыппұл салынатынын ескертті.
Кезекте колледж директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Н.Ә Нури колледждің ішкі тәртібі жөнінде айтты. Білім алушылардың сабақ кестесі, сабаққа қатысуы, киім үлгісі жөнінде. Колледж ішінде білім алушының сақтау керек ережелері, білім алушы құқылы, міндетті кезеңдерін толық түсіндіріп өтті.




