№ 2 «Арнайы  пәндер» циклінің он күндігі

2 «Арнайы  пәндер» циклінің он күндігі

Мақсаты:

  1. Әдістемелік жұмыстың ұйымдастырылуын жетілдіру.
  2. Педагогикалық ұжымның іскерлік біліктілігін арттыру.
  3. Озық педагогикалық іс-тәжірибені жалпылау және жүйелеу.
  4. Оқу-тәрбие үрдісіне инновациялық технологияларды енгізу.

Міндеттері:
1. Оқытушылардың  ғылыми – теориялық , ғылыми – әдістемелік  деңгейлерін жоғарылатуды  ынталандыру.
2. Оқытудың  интеграцияланған  үрдісін  ұйымдастыру.(пән аралық  байланыс).
3. «Заман талабына сай білім беру үрдісіндегі инновациялық технологияларды қолдана отырып, сапалы білікті мамандар даярлау»

Өткізілетін іс-шараларМерзіміЖауаптылар
1Онкүндіктің ашылуы . «1 желтоқсан Дүниежүзілік СПИД-ке қарсы күрес» Дөңгелек үстел. 41 топ білім алушылары02.12.2024жЦӘК төрайымы Смағұл Г, Матаева А.
2«Педиатриядағы мейіргер ісі» пәні «Бір жасқа дейінгі балаларды аралас және жасанды тамақтандыру.Бір жастан асқан балаларды тамақтандыру» тақырыбында   ашық сабақ. 305 топ білім алушылары.03.12.2024жАхмет А.
31-2 курс  Қыз баламен  «Ерте жүктілік» тақырыбында жиналыс.04.12.2024жСмағұл Г.
4«Реабилитациядағы мейіргер ісі» пәні «Санаторлық  Курорттық емдеу» тақырыбында ашық сабақ 401 топ білім алушылары.05.12.2024жАбдувалиева Б.
5«Жұқпалы аурулар» пәні Ішек жұқпалы аурулары. Сальмонелез Дизентерия» Ашық сабақ 303 топ білім алушылары.06.12.2024жАзизова Р.
6 «Жас Акушер» үйірмесінің ашық отырысы. «Жасанды түсік» «Бедеулік»  «ЭКҰ» дөңгелек үстел. Үйірме мүшелері.09.12.2024жСмағұл Г.
7«Үздік Акушер 2024» конкурс 403 топ білім алушылары.10.12.2024Смағұл Г.

«1 желтоқсан Дүниежүзілік СПИД-ке қарсы күрес»  күні бойынша, колледж білім алушыларымен алдын алу бағытында дөңгелек үстел өткізілді. Дөңгелек үстел барысында білім алушылар жалпы СПИД-тің шығуы тарихымен, оның жұғу жолдары және одан сақтану ережелерімен таныстыра кетті. Сонымен қатар СПИД-тің адам өміріне келтіретін нұқсаны жайлы кеңінен хабардар етті. Дөңгелек үстел барысында Матаева Айгерім білім алушыларға ЖИТС/АИТВ қандай қауіпті ауру екендігін оның қандай жолмен жұғып тарайтынын әрбір адам нақты біліп, терең түсінуі қажет. Үлкендер отбасында салауатты өмір сүру нормаларын, әр адамға жеке бас тазалығын, жұбайлық тазалықты сақтап, өсер ұрпаққа үлгі бола білу қажет екендігін айтып өтті.

41 топ білім алушылары өздері дайындаған рефераттар, слайдтар, статистикалық мәліметтер бойынша постер құрып көптеген қосымша мағлұматтар берді.

2024 жылдың 3-ші желтоқсан күні  Диана жоғары медицина колледжінің директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Нури Назерке Әділетханқызы және Акушерия гинекология пәнінің оқытушысы Смағұл Гүлжайна Дүйсенғалиқызы және 41 топ білім алушыларының қыздары 1-2 курс  қыздарының қатысуымен «Ерте жүктіліктің алдын алу» тақырыбында  қыздар жиналысы талапқа сай өткізілді . Акушерия және гинекология пәнінің оқытушысы Смағұл Гүлжайна сөз алып, «Ерте жүктіліктің зияны, Ерте жүктілік немен қауіпті?, — деген сауал төңірегінде ой қозғап, 1-2 курс   қыздарымен пікір алмасты. Жасанды түсік — болашақта бала сүю мүмкіндігін төмендететіні, яғни бедеулікке апарып соқтыратыны, жасанды түсік жасататын қыздардың 30 пайызы онкологиялық , гинекологиялық ауруларға шалдығатыны туралы айтып өтті, қыз балаларда өтпелі жас кезеңі басталып, гормондық қайта құрылу жүреді.

Директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Нури Назерке Қыз баланың жыңыстық жетілуі және гигиенасы,  тәртібі жөнінде сөз қозғады.

4-ші желтоқсан күні Ахмет Айдана 305 топ білім «Педиатриядағы мейіргер ісі» пәнінен «Бір жасқа дейінгі балаларды аралас және жасанды тамақтандыру» тақырыбында ашық сабақ өткізді.

5- жетоқсан Абдувалиева Балнұр Тұрсынқызы «Реабилитациядағы мейіргер ісі» пәні бойынша 401 топ білім алушыларымен «Санаторлық Курорттық емдеу» тақырыбында ашық сабақ өткізді.

6-желтоқсан күні жоспарға сәйкес Азизова Рехангуль Музафаровна «Жұқпалы аурулар» пәнінен  «Ішек жұқпалы аурулар. Сальмонелез. Дизентерия» тақырыбында 303 топ білім алушыларымен ашық сабақ өткізілді.

9-желтоқсан жоспарға сәйкес «Жасанды түсік, бедеулік ЭКО» тақырыбында «Жас Акушер» үйірмесінің ашық отырысы өткізілді.

Share on google
Google+
Share on skype
Skype
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp

Добавить комментарий

Ваш электронный адрес не будет опубликован. Обязательные для заполнения поля помечены *

Оставить комментарий