11 сәуір күні дәстүрлі түрде өтетін «Үздік бітіруші – 2025» атты байқау өткізілді.
Мақсаты:
1. Білім алушылардың тәжірибелік біліктілігін бекіту;
2. Мамандық дәрежесін көтеру;
3. Мамандығын құрметтеуге, сүюге тәрбиелеу.
Міндеттері:
1. Мамандыққа байланысты кәсіптік шеберлігін жетілдіру;
2. Этикалық, деонтологиялық білімдерін бекіту;
3. Кәсіптік міндетіне адал болуға, мейірімділікке тәрбиелеу.
Медицина қызметкерлерің білімі мен біліктілігі жоғары деңгейде болуы тиіс, сонымен қатар мейірімділік пен жанашырлық тән қасиет болуы қажет. Бүгінгі байқауымыздың мақсаты да осы, білімді әрі білікті «2025 жылдың үздік бітірушісін» анықтап, мамандық дәрежесін көтеру, мамандығын құрметтеуге, сүюге тәрбиелеу.
Байқау тапсырмалары білімді, түсінуді, іскерлікті және нақты құзыреттілікті айқындайтын WorldSkills (WSSS) стандарттарының Спецификациясы негізінде және «Мейіргер ісі» мамандығы бойынша Мемлекеттік білім беру стандарттарына сәйкес құрастырылған.
Байқауға Мейіргер ісі мамандығы бойынша 3 білім алушы қатысты:
| № | Топ/ Группа | Толық аты-жөні |
| 1 | 41 топ «Мейіргер ісі» | Ермак Жансая |
| 2 | 42 топ «Мейіргер ісі» | Амантай Гүлзада |
| 3 | 401 топ «Мейіргер ісі» | Акимбек Марал |
Байқау 3 кезеңнен тұрды.
1-ЭТАП Байқауымыздың бірінші туры 50 сұрақтан тұратын тест түрінде өткізілді.

2-ЭТАП Байқауға қатысушылардың шығармашылық әлеуетін бағалау.
Конкурсқа қатысушының өзінің болашақ мамандығы туралы 3 тілде таныстыруы. (5 мин)



3-ЭТАП ПРАКТИКАЛЫҚ ДАҒДЫЛАРДЫ БАҒАЛАУ
Конкурстық тапсырма: 3 диагноз бойынша мейірбикелік үрдіс құру (үй тапсырмасы)
-1 типті қант диабеті
— анемия,
— стенокардия
1- тапсырма: Берілген диагноз бойынша мейірбикелік үрдіс кезеңдерімен таныстырып, дәрілік затты көк тамырға тамшылатып еңгізу алгоритмін көрсету– 10 мин
2 тапсырма: Крамер шинасын қою — 7 мин
3 тапсырма: Өкпе жүрек реанимациясы -7 мин.






