«1 мамыр Қазақстан халқының бірлігі» мерекесіне арналған іс-шара
Қатысқан топтар саны: 14
Білім алушылар саны: 280
2023 жылы 28 ақпан күні «1 мамыр Қазақстан халқының бірлігі мерекесіне» арналған «Татулық – достықтың киелі бесігі» атты мерекелік шара өткізілді. Мақсаты: Көпұлтты Қазақстан Республикасының халықтар достығы – еліміздің бірлігінің кепілдігі екендігін таныту. Әр халықтың өнері, оның рухани байлығының негізін білім алушылардың жүрегіне өз ұлтының тілін, дінін біле отырып, өзге ұлттың рухани байлығын сыйлауға, құрметтеуге тәрбиелеу.
Салтанатты жиын Қазақстан Республикасының әнұранымен басталды.
204-206 топ білім алушылары құттықтау өлең жолдарын, 202 топ қыздары «Шашу» биін, 21 топ білім алушылары «Адай Ұлытау» биін, 11 топ білім алушысы Дүйсен Аймарал «Аманат» әнін, 14-15 топ қыздары «Кәріс» биін, 14 топ қыздары «Украйн» биін, 202 топ білім алушылары «Грузин» биін, 204 топ қыздары «Ұйғыр» биін, 15 топ қыздары «Үнді» биін, 14 топ білімс алушысы Самидолда Айым «Мен қазақтың қызымын» әнін, 13 топ білім алушысы Дәуренбек Алмат «Туған жер» әнін, 203 топ қыздары «Өзбек» биін, 16 топ қыздары «Орыс» биін және 12 топ қыздары «Қаза» биін орындады.
Құттықтау сөз колледждің атқарушы директоры Даурова Қарлығыш Қадырбекқызына берілді.
Салтанатты жиын соңында 42 топ білім алушысы Уалиев Мадияр «Қазақстаным» әнін орындады.


















