Қайрат Әлімбектің 60жылдығына орай «Ақын ердің ардағы» атты тарихи танымды кеш
Қатысқан топтар саны: 2
Білім алушылар саны: 45
2023жылы 13 сәуір күні Аудандық кітапхана мен Диана жоғары медициналық колледжінің ұйымдастыруымен ҚР Жазушылар одағының мүшесі, Жетісулық жерлесіміз-ақын Қайрат Әлімбектің 60 жылдығына арналған «Ақын ердің ардағы» атты тарихи танымды кеш өтті.
Мақсаты: Қайрат Әлімбектің өмір жолы мен шығармашылығын студенттер арасында кеңінен насихаттау.
Шараға Ауданның қоғамдық кеңесінің төрағасы, Панфилов ауданының құрметті азаматы, Қайрат ағамыздың аталас бауыры Азат Жаппарұлы және облыстық Жетісу газетінің меншікті тілшісі, Панфилов ауданының құрметті азаматы Мырзағали Нұрсейіт қатысып, Қайрат Әлімбек туралы естеліктермен бөлісті.
Кеш барысында Диана жоғары медициналық колледжінің студенттері: Сауытқазы Мерей, Раздық Ақпейіл, Барат Гүлден, Бакиева Ильнура, Темерова Надира, Тохтамова Интизар, Сағи Гүлім ақынның өлеңдерін мәнерлеп оқыса, аудандық мәдениет үйінің әншісі Қыдырмайев Қайрат «Баста»,» Сайра бұлбұлым» әндерін орындаса, колледж студенттері: Ә. Рүстем, Д. Серікбайқызы «Жан гүлім», А. Дүйсен» Атамекен» әндерімен көрерменге көтеріңкі көңіл-күй сыйлады.
Шара соңында оқырмандарға қызмет көрсету бөлімінің меңгерушісі Оспанова Сара Нұртәліпқызы Қайрат Әлімбектің шығармаларынан елін сүйген патриот екенін және сыртта жүрседе жаңа туындыларын жерлестерімен бөліскені жайлы айта келе қонақтарға, шараға ат салысқан студенттерге алғысын білдірді. Ақынға арналған «Ғасырда бір туылар жарық жұлдыз» атты кітап көрме ұйымдастырылып,оқырмандар назарына ұсынылды.
