Қатысқандар топтар: 12,13,202,32
Білім алушылар саны: 90
2023 жылы 4- мамыр күні Ұлы Жеңіс күніне орай «Ерлік-ғұмыр Жеңісті жақындатқан!» атты тарихи-патриоттық кеш өткізілді.
Мақсаты: Жас ұрпаққа Ұлы Отан Соғысы шежіресінен хабар бере отырып, тарихи кезеңдегі отандық батырларымыздың ерлігіне деген құрметін арттыру;
Елжандылыққа, батылдыққа тәрбиелеу.
«Ерлік-ғұмыр Жеңісті жақындатқан!» тарихи-патриоттық кеш жүргізушілердің кештің тақырыбы, мақсатын таныстырумен басталды. Ұлы Отан Соғысы құрбандары 1 минуттық үнсіздікпен еске алынды.
Кеш барысында білім алушылар Ұлы Отан Соғысы шежіресін баяндап, қазақ батырларының ерлік істерін дәріптейтін деректі хроникалық мәліметтер келтірді.
Тақырыпқа байланысты арнау өлеңдер оқылып, соғыс жылдарынан көріністер көрсетілді.
Ұлы Отан Соғысында ерлігімен танылған қазақ батырларына арналған презентациялық көрсетілім ұсынылды. Патриоттық ән-би орындалды.
