«Жасөспірімдер арасында қылмыс пен нашақорлықтың алдын алу » тақырыбында кездесу

Мақсаты: білім алушылар арасында зиянды заттардың қолдану зияндылығы туралы ақпараттандыру деңгейін өсіру, жасөспірімдер арасында СНЮС, басқа да есірткі заттарын пайдаланудың алдын алу, салауатты өмір салтын насихаттау,құқық бұзушылықтың алдын алу.

Қатысқандар:

Колледж директоры тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Нури Н.Ә

Колледж инспекторы, полиция капитаны Талшын Нурлабиқызы

Топ жетекшілер А.Ш Жақыпжанова, А.Т Хайрбекова

11,12,13, топ білім алушыларының ата-аналары

     Күн тәртібіндегі мәселе бойынша директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары  Н.Ә Нури таныстырып өтті.

Колледж инспекторы, полиция капитаны Талшын Нурлабиқызына берілді жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылықтардың алдын алу, сондай-ақ олардың құқықтық сауаттылығын арттыру мақсатында, зиянды заттарды тұтыну  адам денсаулығына әсері , теріс жақтары бойынша нұсқаулық берілді. Жасөспірімдер арасында өте кең таралған зиянды заттар вейп сигареттер мен энергетикалық сусындардың адам ағзасына тигізер зияндығы туралы ақпарат бере отырып, зиянды заттарды ерте жастан қолдану жасөспірімдердің денсаулығына орасан зор қатер туғызатындығын ескертті.  

Қоғамдық орындарда зиянды заттарды тұтыну, насихаттау заңға қайшы әрекет екендігін түсіндіріп. Егер орын алған жағдайда ата-анасына айыппұл салынатынын ескертті.

Сондай-ақ зорлық-зомбылыққа алып келетін қылмыстық іс-әрекет үшін заң бойынша қолданылатын жаза түрлері туралы ақпарат беріліп, кәмелетке толмаған жасөспірімдерге кешкі мезгілде сағ 22-00 ден кейін ата-анасыз (Заңды өкілінсіз)  көшеде , ойын сауық орталықтарында, кафе,түнгі клубтарында жүруге тыйым салынатындығы туралы ескертілді.

   Түсіндірме жұмысы барысында  колледж директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Н.Ә Нури   әр азаматтың өмірінде саламатты өмір қалыптастыру керектігін сезініп, өмірді жақсарту жолдарын таңдау әркімнің өз қолында екендігін айтып өтті. Болашақ ұрпағымызды айықпас аурудан сақтауымыз біздің қолымызда, яғни зиянды заттарадан аулақ жүріп, денсаулығымызды сақтай білуіміз қажет екендігін айтты.

Share on google
Google+
Share on skype
Skype
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp

Добавить комментарий

Ваш электронный адрес не будет опубликован. Обязательные для заполнения поля помечены *

Оставить комментарий