2024-2025 оқу жылы « Ерте жүктілікті алдын алу»

2024-2025 оқу жылы « Ерте жүктілікті алдын алу»

1-2 курс білім алушыларымен Қыздар жиналысы.

Қатысқан топтар саны- 7;

Білім алушылар саны- 120;

2024 жылдың 3-ші желтоқсан күні «Диана» Жоғары медицина колледжінің директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Нури Назерке Әділетханқызы және Акушерия гинекология пәнінің оқытушысы Смағұл Гүлжайна Дүйсенғалиқызы және 41 топ білім алушыларының қыздары 1-2 курс қыздарының қатысуымен «Ерте жүктіліктің алдын алу» тақырыбында қыздар жиналысы талапқа сай өткізілді.Мақсаты:жасөспірімдердің салауатты өмір салтына, отбасының амандығы мен бақытына деген құнды қарым-қатынасын қалыптастыруға ықпал ету. Жас жеткіншектер арасындағы ерте жүктіліктің алдын алу жастардың Адам тәрбиесі мен Қоғам тәрбиесіне байланысты көзқарастарын дұрыс қалыптастыра отырып, болашақта ұрпақ қамын, ұлт тағдырын ойлайтын қоғамның мүшесі болуларына жағдай жасау, ерте жүктіліктің алдын алу мақсатында түсініктеме беру.

Акушерия және гинекология пәнінің оқытушысы Смағұл Гүлжайна сөз алып, «Ерте жүктіліктің зияны, Ерте жүктілік немен қауіпті?, — деген сауал төңірегінде ой қозғап, 1-2 курс қыздарымен пікір алмасты. Жасанды түсік болашақта бала сүю мүмкіндігін төмендететіні, яғни бедеулікке апарып соқтыратыны, жасанды түсік жасататын қыздардың 30 пайызы онкологиялық, гинекологиялық ауруларға шалдығатыны туралы айтып өтті, қыз балаларда өтпелі жас кезеңі басталып, гормондық қайта құрылу жүреді. Директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Нури Назерке Әділетханқызы Қыз баланың жыңыстық жетілуі және гигиенасы, тәртібі жөнінде сөз қозғады. «Қыздар тәрбиесінде нені ескеру маңызды?». «Ерте жаста жүкті болудың себебі мен салдары». Негізінен ата-ананың міндеті баласының әр нәрсеге қызығушылығын қадағалап, дұрыс бағыт беріп отыру. Ал мектепте жыныстық тәрбие шараларын психолог, дәрігер маманның қатысуы.

Share on google
Google+
Share on skype
Skype
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp

Добавить комментарий

Ваш электронный адрес не будет опубликован. Обязательные для заполнения поля помечены *

Оставить комментарий