Отаншылдық, ұлтжандылық, туған жерге, Атамекенге деген сүйіспеншілікті
арттыру, өз елінің тарихын сыйлау, құрметтеу
патриоттық рухты шыңдау мақсатында 21,23-топ білім алушыларымен “Тәуелсіздік-бақытым да,барым да” тақырыбында тәрбие сағаты өтілді.
Топ жетекшісі Ә.Жақыпжанова еліміз тарихындағы ең маңызды атаулы дата –
16 желтоқсан- Тәуелсіздікке тағзым күнінің мән-маңызы туралы кіріспе сөз
сөйледі.
Кезекте топ білім алушылары «Тарих беттері сөйлейді».
«Тәуелсіздік-бақытым да, барым да», «Тәуелсіздік- аманат!» деген үш бөлімнен
тұратын тәрбие сағатын жүргізді.
Іс-шара барысында еліміз Тәуелсіздігі шежіресінен елжандылыққа толы сыр
шертіліп, бейне, деректі фильмдер ұсынылды.




