Білім беру саласындағы қазіргі замандағы өзекті мәселелерді талқылау, жаңа білімдер мен тәжірибелерді алу, педагогтар арасында тәжірибе алмасу, білім беру әдістерін жетілдіру және оқу үдерісін сапалы деңгейге көтеру мақсатында 15 қаңтарда колледж ішілік дәстүрлі түрде өткізілетін «Жасанды интеллектінің мүмкіндіктері» тақырыбында педагогикалық оқу өткізілді.
Педагогикалық оқулар – бұл педагогтың өзін-өзі кәсіби іске асыруына, педагогикалық жаңаша ойлауына, рухани баюына, идеялас әріптестер табуына, әдістемелік қоржынын толықтырып өзін толғандыратын мәселені әр қырынан көруіне, бір сөзбен айтқанда шығармашылық тұрғыда өсуіне мүмкіндік береді.
Мақсаты:
— педагогикалық бастамаларды қолдау, инновациялық тәжірибені тарату, педагогикалық тәжірибені жалпылау негізінде заманауи талаптарға жауап беретін адамның білім деңгейі мен білімділігіне қол жеткізу шарттары мен технологияларын айқындау болып табылады.





Үздік тәжірбесімен бөліскен Сейтова К.Г., Даниял Г.С., Аскар С.А. облыстық көлемде өткізілетін педагогикалық оқуға жолдама алды.

Қаңтар айының 28 күні оқытушылардың білімі мен дағдыларын жетілдіріп, тәрбие алмасу мақсатында жалпы білім беретін және арнайы пән оқытушыларына арналған «Кәсіби модульдерді оқытудың өзекті мәселелері: проблемалары мен болашағы» тақырыбында «Талдықорған жоғары медициналық колледжінде» облыстық қыстық педагогикалық оқылым ұйымдастырылды. Педагогикалық оқылымға Даниял Гүлнәр Сайранханқызы, Сейтова Куралай Газизовна, Аскар Самал Аскарқызы қатысып әрбір сабақта қолданылған әдіс- тәсілдердің, жаңа заманауи жасанды интеллектер туралы ойларымен бөлісіп, тәжірбие алмасты.





