29 сәуір мен 8 мамыр аралығында «Жас маман — жаңа қадам» жас апталығы өткізілді.
Апталықтың мақсаты – жас мамандардың кәсіби дамуын қолдау, тәжірибе алмасу, шығармашылық әлеуетін арттыру, сондай-ақ ұжымға бейімделуіне ықпал ету.
Апталық аясында өткізілген іс-шаралар:
29 сәуір күні «Жас маман — жаңа қадам» жас апталығының ашылу салтанаты өткізілді. Ашылу салтанатында колледж әдіскері Гүлнәр Сайранханқызы апталық жоспарымен таныстырып, Жас мамандарда ашылу салтанатын жоғары дәрежеде өткізді.


30 сәуір күні жас маман Валиева Шұғыла 34 топ білім алушыларымен «Қант диабеті. Қант диабетінің асқынулары» тақырыбында ашық сабақ өткізді. Сабақта топтық жұмыс ұйымдастырылып, студенттер өз бетінше ақпарат іздеу, таныстыру жұмыстарын жүргізді.



Апталық жоспарына сәйкес 2 мамыр күні жас маман Жеңісова Балжан Мелісқызы 22 топ білім алушыларымен «Венозды катетрлармен жұмыс істеу ережесі» тақырыбында ашық сабақ өткізді. Сабақ барысында интербелсенді әдістер қолданылып, мультимедиялық материалдар пайдаланылды. Студенттердің белсенділігі жоғары болды. Практикалық тапсырмалар орындалды. Сабақ барысында рөлдік ойын әдісі қолданылып, студенттер пациентпен жұмыс істеу дағдыларын көрсетті.




Жас маман апталығы аясында Тұрған Бақытжан Серікұлы ұйымдастыруымен 3 мамыр күні 21-22 топ білім алушылар арасында «Ұлттық ойын – рухани қазына» атты танымдық-спорттық іс-шара өткізілді.
Іс-шараның мақсаты:
- Қазақтың ұлттық ойындарын насихаттау;
- Студенттердің ұлттық салт-дәстүрге деген қызығушылығын арттыру;
- Топтық жұмысқа, ұйымшылдыққа баулу;
- Салауатты өмір салтын қалыптастыру.
Іс-шараны Тұрған Бақытжан ашып, ұлттық ойындардың маңызы мен тәрбиелік мәні туралы қысқаша баяндама жасады. Әр ойынның алдында оның ережесі мен тарихи мәні таныстырылды. Әр ойыннан кейін нәтижелер шығарылып, жеңімпаздар анықталды.
Іс-шара жоғары деңгейде өтті. Студенттер белсенділік танытып, қызығушылықпен қатысты. Қазақ халқының ұлттық мұрасын құрметтеуге тәрбиелеу бағытындағы бұл шара жастардың патриоттық сезімін оятты. Жеңімпаздар мақтау қағаздары мен естелік сыйлықтармен марапатталды. Бұл іс-шара Бақытжан Серікұлының шығармашыл, ізденімпаз және тәрбиелік бағыттағы жұмыстарға белсене араласатын маман екенін көрсетті.



2025 жылдың 5 мамыр күні, «Жас маман апталығы» аясында Фармакология пәнінің оқытушысы Ибраимжанова Салтанат ұйымдастыруымен студенттер арасында «Фарма QUIZ» атты 42 топ білім алушыларымен интеллектуалды сайыс өткізілді.
Іс-шараның мақсаты:
- Студенттердің фармакология пәні бойынша білімдерін тереңдету;
- Логикалық ойлау қабілетін, есте сақтауын, тез шешім қабылдау дағдыларын дамыту;
- Командалық рухты қалыптастыру, пәнге деген қызығушылықты арттыру.
Сайыс өте жоғары деңгейде ұйымдастырылды. Студенттер белсенділік танытып, пәнге деген қызығушылығын көрсетті. Жеңімпаз топ «Үздік фармакологтар» номинациясымен марапатталып, алғыс хат пен сертификаттар табысталды. Бұл іс-шара Салтанат Серікқызының кәсіби шеберлігін, шығармашылық ізденісін және студенттермен тығыз, нәтижелі жұмыс жасай алатындығын дәлелдеді.


6 мамыр күні «Жас маман апталығы» аясында Матаева Айгерім Сейфуллақызы ның ұйымдастыруымен «Алдын алу. Алдын алу түрлері» тақырыбында ашық сабақ өткізілді.Ашық сабақ дәріс және практикалық элементтермен біріктіріліп өткізілді. Интерактивті әдістер қолданылып, студенттердің белсенді қатысуына мән берілді. Сабақ жоғары деңгейде өтті. Студенттер тақырыпты терең меңгеріп, өз ойларын еркін жеткізе білді. Сабақтың практикалық маңыздылығы ерекше атап өтілді. Қатысушылар белсенділік танытып, шығармашылықпен жұмыс істеді. Бұл ашық сабақ жас маман айгерім Сейфуллақызының педагогикалық шеберлігін, кәсіби білімін және заманауи әдістемелерді тиімді қолдана алатынын көрсетті.



6 мамыр күні Бактиярова Бегайым Бекбосуновна ұйымдастыруымен 25 топ білім алушыларымен «Стерилизация медицинских инструментов» тақырыбында ашық сабақ өткізілді. Ашық сабақ кәсіби тұрғыдан маңызды, тәжірибелік бағытта өтті. Студенттер сабақты жоғары қызығушылықпен қабылдап, практикалық тапсырмаларды нақты орындады. Бегайым Бекбосынқызының сабақ барысында әдістемелік шеберлігі, тақырыпты нақты жеткізе білуі, интерактивті әдістерді тиімді пайдалануы ерекше байқалды



2025 жылдың 8 мамыр күні жабылу салтанаты ұйымдастырылды.
Салтанатты шараның құрылымы:
1-бөлім: «Aqyl Battle» – интеллектуалды сайыс
Іс-шараның алғашқы кезеңінде жас мамандар арасында «Aqyl Battle» атты зияткерлік ойын ұйымдастырылды. Бұл ойын логика, тіл байлығы, кәсіби білім мен жылдам ойлау қабілетін тексеруге бағытталды.
Қатысушылар бірнеше кезеңнен өтті:
- «Кездейсоқ сұрақтар»
- «Логикалық сұрақтар»
- «4 сурет 1 жауап»
Қазылар алқасы әділ бағалап, үздік нәтиже көрсеткен мамандар арнайы марапаттарға ие болды.
2-бөлім: Жас мамандардың шығармашылық өнері
Сайыстың екінші кезеңінде жас мамандар өздерінің шығармашылық қабілеттерін ортаға салды.
Көрсетілген өнер түрлері жас мамандардың жан-жақты екенін, тек кәсіби салада ғана емес, шығармашылық бағытта да белсенді екенін көрсетті.





